Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 694,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 393,2  мың адам (56,6%), ауылдықтар – 300,9 мың адам (43,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 1406 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1575 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 4,4% аз, шетінегендер 2,8% көбірек тіркелді.

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 586 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда --86  адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 127 адам оң көші-қон айырмасы (+204), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -713  (-290 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17,1 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 мамырдағы жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 16927 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,8% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 345722 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 18,2% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 108,6% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 189745 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 16,4%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны - 5,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1224266,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,6% артық.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі - 3,1%, өңдеу өнеркәсібінде - 5,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 13,7%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 30% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының 45979,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 103,3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3516,8 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 95,2% құрады.

Жолаушы айналымы 1252,8 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 91,7% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 42851,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 109,1% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1,7% өсті, 125,8 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер - 14,1% (80,8 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 63,7% (91,3 мың шаршы метр) көбейді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 139392,5 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 95,7% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 12471 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 12132 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10262 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 9927 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12381 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4811,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 8,4% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі - 57,1%, қызметтер көрсету 34,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%, азық-түлік емес тауарлардың - 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 3,1% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,9% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 158895,1 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 148679,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 171,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 22,7% азайды, оның ішінде экспорт - 31,1 млн. АҚШ долларын (50,1% азайды), импорт - 140,3 млн. АҚШ долларын құрады (11,9% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлер алуды хабарлау
    26.03.2024

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті»  РММ халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп...

  • Интервьюерлер алуды хабарлау
    18.03.2024

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ іріктемелі зерттеу «Халықтың...

Онлайн кеңесші