Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 1222,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 532,1 мың адам (43,5%), ауыл тұрғындары –690,7 мың адам (56,5%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 4213 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 4451 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 6058 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 2,7% кеміді), қайтыс болғандар саны 1845 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 4,1% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -3995 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – -2083 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қон айырмасы -67 адам (+6), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – -3928 (-2089 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 27156 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылғы 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 22699 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,9% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 282100 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 10,8% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 101,8% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 139608 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 19,6% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 108,3%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 258803,7 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 9% кем.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11,6% өсіп, өңдеу өнеркәсібінде – 17,5% кеміді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 0,5% кеміді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 4,3% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 62144,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 102,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 13966,8 млн. ткм. құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 101,8% құрады.

Жолаушы айналымы 676,4 млн. жкм. құрады немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 121,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 45711,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 114% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,9% өсіп, 159,7 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 34,6% (50,6 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 7,9% (108,3 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 109550,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегімен салыстырғанда 123,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 15224 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,1% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14836 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12232 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11844 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12138 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірдегі қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 99,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3108407,6 млн. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 1,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 32,8%, қызметтер көрсету – 60,2% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,8% құрады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 3,2%, азық-түлік тауарларының бағасы – 3,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 2% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,8% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 149337,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 97697 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,2% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 39265,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурыздағымен салыстырғанда 54,7% азайды, оның ішінде экспорт – 10686,3 млн. АҚШ долларын (57,5% кеміді), импорт – 28579,6 млн. АҚШ долларын құрады (53,6% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    30.04.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Меркі ауданы халықының тұрмыс деңгейін зерделеу бойынша статистикалық...

  • Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    05.03.2024

    «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»...

Онлайн кеңесші