Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуіріне облыс халқының саны 843,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 396,3 мың адам (47%), ауылдықтар – 447,1 мың адам (53%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызында 3670 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3791 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 4772 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,2% аз), қайтыс болғандар саны 1102 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 1,4% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -2216 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар- наурызда – -924 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –2 адам оң көші-қон айырмасы (-2), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -2218 (-922 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9% құрады.

2024 жылдың 1 мамырында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17844 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,1% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 329917 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 12,4% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 103,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 138026 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 15,9%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 5,7%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 339587 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 7,3%-ға көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,2% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде – 46,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 1,9%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте – 5,4% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 25056,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 101,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірінде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10688,3 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 98,5% құрады.

Жолаушы айналымы 714,2 млн. жкм құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 109,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 30098млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 146,2% құрады.      

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,9% өсіп, 181,1 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 93,7% (15,9 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 4,0% (159,5 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 133435млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 130,0% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 10581 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,7% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 10222 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8831 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 8472 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 7922 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуір 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2860,0 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 39,4%, қызметтер көрсету – 53,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,9%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 3,3% өсті.

2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,8% жоғарылады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 140087,9 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 82681,8 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 25 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,2% азайды, оның ішінде экспорт 14,9 млн. АҚШ долларын (3,4% өсті), импорт 10,1 млн. АҚШ долларын құрады (19,2% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    10.05.2024

    2024 жылғы 2 тоқсандағы 1-ДК (автожүктер) (тоқсандық) "Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі...

  • Құрметті респонденттер!
    10.05.2024

    2024 жылғы 2 тоқсандағы 1-ДК (автожолаушылар) (тоқсандық) "Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер...

Онлайн кеңесші