Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 753,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 533,6 мың адам (70,8%), ауылдықтар – 219,9 мың адам (29,2%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 416 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 696 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 2245 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 8,6% азайды), қайтыс болғандар саны 1829 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 3,9% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және  -865 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -464 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 57 адам оң көші-қон айырмасы (177), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -922 ( -641 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 18,9 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 11764 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,9% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 352036 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 15,9% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 106,2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 210765 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 14,1% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 3,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1059857,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,5% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өндіріс көлемі – 1,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 9,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 4,5% өсті, сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 16,8% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 64181,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 101,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 9195,6 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірден салыстырғанда 100,5% құрады.

Жолаушы айналымы 605,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірден салыстырғанда 107,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 35044,6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге салыстырғанда 124,6% құрады.     

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,4% көбейді, 58108 шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 85,7% (3871 шаршы метр) азайды. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 92,6% (54179 шаршы метр) өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 179890,7 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірге салыстырғанда 119,2% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 17252 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,7% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 16897 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14472 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 14117 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14117 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,9% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4346514  млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар- желтоқсанбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 52,7%, қызметтер көрсету – 40,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,9%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,2% өсті.

2024 жылдың сәуірде 2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,7% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 172901,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 189026,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% көп.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 439,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар- наурызда салыстырғанда  12% арты, оның ішінде экспорт – 220,7 млн. АҚШ долларын (5,5% арты), импорт – 218,9 млн. АҚШ долларын құрады (19,5% арты).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландырулар
    13.05.2024

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ Павлодар қаласында (2 бірлік), халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу үшін ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс...

  • Хабарландыру
    10.05.2024

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Статистикалық жұмыстардың бекітілген жоспарына сәйкес үй шаруашылықтарына зерттеу...

Онлайн кеңесші