Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге қала халқының саны 1451,5 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 5509 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7140 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 6942 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,8% азайды), қайтыс болғандар саны 1433 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 10,9% өсті).

Көші-қонда жағымды айырым қалыптасып, 15899 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-наурызда - 6752 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда 509 адам (309 адам), ішкі көші-қонда 15390 адам (6443 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 32599 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,5% құрады.

2024 жылдың 1 наурызда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8 496 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,2% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 549977 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17,2% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 107,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 276296 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 11,3%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 1,7%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 628195,3 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 13,1% көп.

Өңдеу өнеркәсібінде – 15,6% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 10,8% азайды, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 0,8% азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 1090,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 99% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы -- 12570,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 114,3% құрады.

Жолаушы айналымы -- 5582,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 118,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 127493,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірғе салыстырғанда 126,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 34,1% өсіп, 1285,8 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 34,9% (1264,3 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 0,1% (21,5 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 368958,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 120,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша 101861 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5% көбейды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 101037 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 78912 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 78091 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 92872 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,9 % құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 12874957,1
млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,4 % өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 13,7 %, қызметтер көрсету – 79,2% құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 6,3 %, азық-түлік емес тауарлардың – 7,6 %, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 12,6% өсті.

2023 жылдың қаңтар-сәуірде салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар-сәуірмен өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6,1% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 668714,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 %-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 1794360,2 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1152,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 15,3 азайды, оның ішінде экспорт 374,9 млн. АҚШ долларын (24,1% азайды), импорт – 777,5 млн. АҚШ долларын құрады (10,3% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті пайдаланушылар
    02.05.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы сәуірге 2- Т (еңбекақы) "Жалақы құрылымы және оны бөлу...

  • Хабарландыру
    30.04.2024

         Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің 2024 жылғы 30 сәуірден 31 қаңтарға «Халықтың...

Онлайн кеңесші