Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылдың 1 сәуірде Алматы қаласының халық саны 2244,8 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 5527 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5338 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 8511 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3,1% артық), қайтыс болғандар саны 2984 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,2% артық).

Көші-қонның айырмасы оң мәнді болып қалыптасты және 10620 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – 7978 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –1433 адам (1196) – оң мәнді көші-қон айырмасы, ішкі көші- қонда оң мәнді көші-қонның айырмасы – 9187 (6782 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 53,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 26694 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 474550 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 20,4% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,9% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қала халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 276199 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 17,9% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 6,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 687338 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,6% кем.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,6% өсті, ал электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 15,8%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 11,9% төмендеу байқалды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 153,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 125,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 6727 млн. т-км-ді құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 106,4% құрады.

Жолаушы айналымы 5677,2 млн. ж-км-ді құрады немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 121% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 118793,3 млн. теңге немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 105,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,3% төмендеп, 740,5 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 2,8% өсті (602,9 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлер – 44,7% төмендеді (137,6 мың шаршы метр).

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 389898 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 104,8% құрады. 

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 150220 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 4,2% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 148520 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 117472 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 115876 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 140421 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4% көбейді.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 102,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 24828705,8 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 10,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 6,9%, қызметтер көрсету – 86,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,9% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 4%, азық-түлік емес тауарлардың – 2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,6% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы сәуірде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,7% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі бөлшек сауда көлемі 1708280,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,5% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі көтерме сауда көлемі 4629239,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1631,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,9% ұлғайды, оның ішінде экспорт – 444,8 млн. АҚШ долларын (25,4% азайды), импорт – 1186,5 млн. АҚШ долларын құрады (16,3% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру
    02.05.2024

    Құрметті респонденттер! 

    ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 бірыңғай криптографиялық стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстарға байланысты кілттің ЭЦҚ жаңа стандартын алған респонденттер үшін есептерді...

  • Хабарландыру
    30.04.2024

    Құрметті респонденттер! 

    1-ДК (автожолаушылар) "Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп " (2024ж. 2 тоқсан) нысаны бойынша есептілікті...

Онлайн кеңесші