Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 697,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 311,0 мың адам (44,6%), ауылдықтар – 386,0 мың адам (55,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар - наурызда 1885 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1881 адам).

2024 жылғы қаңтар - наурызда туылғандар саны 3153 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - наурызға сәйкес 1,1% азайды), қайтыс болғандар саны 1268 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - наурызға сәйкес 3,1% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 2896 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар - наурызда -1748 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – + 64 адам оң көші-қон айырмасы (+25), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -2960 (-1773 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 15046 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 18071 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,7% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 270205 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 9,7% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 100,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 127446 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,1%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 106,6%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 92 148,8 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 3,6% төмен.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 172,3% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 10,5% төмендеді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 3,2%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 16,9% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 57 802,7млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар- сәуірімен салыстырғанда 101,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3 649,1 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 78,8% құрады.

Жолаушы айналымы 191,1 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 91,1% құрады.

Кұрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 40346,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 226,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,3% өсіп, 65,2 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 174,7% (25,2 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 5,1% (40,0 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 59020,5 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 127,0% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 8 272 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2% үлғайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8 043 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6 687 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6 459 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6 196 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8% үлғайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар- сәуірде 2023 жылғы қаңтар- сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,3% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1923707,9 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 16,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 41,0%, қызметтер көрсету – 59,0% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірін 2023 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 103,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,8% өсті.

2024 жылдың сәуірін 2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,9% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 77 012,4 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,9 %-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 116 300,8 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,3 % құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 30 082,6 мың  АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 19,8% төмендеді, оның ішінде экспорт – 17 033,1 мың АҚШ долларын (24,3% төмен), импорт – 13 049,5 мың АҚШ долларын құрады (12,9% төмен).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    22.04.2024

    2024 жылғы сәуірдегі 2-сауда «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (айлық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі ...

  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің интервьюерлердің бос орындарына хабарландыру
    08.01.2024

    «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы» және «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы»...

Онлайн кеңесші