Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге Маңғыстау облыс халқының саны 791,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 360,9 мың адам (45,6%), ауылдықтар - 430,4 мың адам (54,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 4036 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4290 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 4967 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 1,6% кем), қайтыс болғандар саны 931 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 22,5% өсті).

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 490 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -1309 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 895 адам оң көші-қон айырмасы (1439), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы - -405 (130 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 18,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 5% құрады.

2024 жылғы 1 мамырда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 17227 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,8% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 571403 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 12,1% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 101,7% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 283707 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 35,7% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыс - 122,9%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 927859,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 13,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 3,1% азайды, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте - 10,7% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 8996,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге салыстырғанда 99,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 9261 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 99,3% құрады.

Жолаушы айналымы 1503,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 123,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 39215 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 78,5% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 34,6% азайып, 125 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер - х% (х мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 2,1% (74 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 229369 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 83,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша 16804 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,1% өсті, оның ішінде 16432 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14037 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 13655 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14535 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,5% өсті.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 98,8% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4866995,3 млн. теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ көлемінің өзгеру қарқыны 20% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісі - 49,8%, қызметтер - 42,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірін 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,6% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы - 2,6%, азық-түлік емес тауарлардың - 4,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы - 4% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірін өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 4% арзандады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 100017,6 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 131508,9 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,2% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 38,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 39,9% азайды, оның ішінде экспорт - 4,2 млн. АҚШ долларын (43,6% азайды), импорт - 33,9 млн. АҚШ долларын құрады (39,5% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    14.05.2024

    ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 бірыңғай криптографиялық стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстарға байланысты кілттің ЭЦҚ жаңа стандартын алған респонденттер үшін есептерді онлайн режимде тапсыру 31 ...

  • Құрметті респонденттер!
    02.04.2024

    01-КС (жылдық) "Орындалған құрылыс жұмыстары туралы есеп (қызметтері)" статистикалық нысан бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2024 жылғы 10 сәуірге дейін қоса алғанда ұзартылды.

    Уақытша...

Онлайн кеңесші