Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Құрметті респонденттер!
13.05.2024
Құрметті респонденттер!

ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 бірыңғай криптографиялық стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстарға байланысты кілттің ЭЦҚ жаңа стандартын алған респонденттер үшін есептерді онлайн режимде тапсыру 31 мамырға дейін тоқтатылды.

Жұмыс аяқталғанға дейін қағаз жеткізгіштерде толтырылған статистикалық есептерді сіздің облысыңыз (қалаңыз) бойынша Статистика департаменттеріне уақытша ұсынуды сұраймыз. Есепті тапсыруға арналған статистикалық нысандардың бланкілерін ,Бюроның ресми сайтынан stat.gov.kz «Респонденттер үшін» бөлімінде «2024 жылға арналған Статистикалық нысандар» қойындысында жүктеуге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның Бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөмірі бойынша, сондай-ақ Telegram-Bot: @statgovkz_bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші